Previous Page  225 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 225 / 360 Next Page
Page Background

225

Неке бөлімі

Әбу Һурайра

(р.анһ.)

: «Егер балалары балиғат жасына

жетпеген болса» -дегенді қосқан.

Әбу Һурайрадан

(р.анһ.)

жеткен басқа бір риуаятта Аллаһ

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Егер бір мұсылманның үш бір-

дей баласы дүние салса, онда ол тозақ отына түспейді.

Тек егер өзі күнә іс жасаған болмаса»

,-деген.

Баланың себебінен Аллаһ Тағалаға жақындататын

бесінші жолды қосуға болады.

Егер кімде-кім үш қызды немесе екі қызды немесе

екі қарындасын бағып-қағып жақсы қарап, имандылыққа

тәрбиелесе, онда олар әке-шешесінің жұмаққа кіруіне

себеп болады. Бұған Әбу Сағид әл-Хадри риуаят еткен

пайғамбарымыздың

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Кімде-кім үш

қызды бағып-қағып, имандылыққа тәрбиелеп, оларды

тұрмысқа берсе, олардан бар жақсылықты аямаса, онда

оның сыйы жұмақ болады»

360

,-

деген хадисі дәлел бола

алады.

Әбу Сағид әл-Хадриден жеткен басқа бір хадисте:

«Кімде-кімнің үш қызы немесе үш қарындасы немесе екі

қызы немесе екі қарындасы болып, оларға жақсы қараса,

оларды тақуалыққа тәрбиелесе, ол жұмаққа кіруге

лайықты болады»

361

-

делінген.

Хармаләтә бин Ғимраннан

(р.анһ.)

риуаят еткен хадисте

Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Кімде-кімнің үш қызы

болып оларға сабыр етсе, оларды адал жолмен ішкізіп-

Тирмизи, Тирмизи, 3-том, 365-366-бет, 1060-хадис. Китабул Жанаиз,

Шархуз Зарқаани, 2-том, 75-беттен, 557-558-хадис. ал-Хасабаһ фи

ал-Мусибаһ, ан-Насааий, 4-том, 25-бет, 1875-хадис. Китабул Жанаиз,

уәл-Лафз лил-Бухари уәл-Муслим.

360

Әбу Дәуд, 4-том, 345-бет, 5148-хадис, Китабу әл-Әдәб.

361

Ат-Тирмизи, 4-том, 318- беттен, 1912-1916-хадис, Китабул Бирр уәс-

Силлаһ.