Previous Page  222 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 222 / 360 Next Page
Page Background

222

Отбасы ғылымхалы

Ол, сендерді жерден таратып әрі онда өмір сүргізді. Енді

Одан жарылқау тілеңдер және Оған тәубе қылыңдар.

Күдіксіз Раббымжарқын тілекті қабылдаушы» деді»

355

-

дегені баяндалған.

Адам баласының жер бетінде өмір сүріп, көркеюі тек

бір жеке тұлғамен немесе бір кезеңде өмір сүрген халықпен

ғана жүзеге аспайтыны анық. Негізінде адам ұрпақтары

жер бетінде мыңдаған ғасырлар бойы өмір сүруі тиіс.

Ал, адам баласының көбейіп, өсіп-өнуі, үйленіп, отбасын

құрап, өзінен кейін ұрпақ қалдырғанда ғана жүзеге асады.

Ол тек шариғи талаптарды қатаң ұстай отырып үйлену

нәтижесінде іске асады. Сондықтан отбасын құрып,

үйлену адам баласының нәсілінің жер бетінде өмір сүруі

үшін негізгі жол болып табылады.

Сол сияқты Аллаһ Тағала барша әлемді және адамзат-

ты қиямет күніне дейін жалғасуға үкім етті. Адамзаттың

сол күнге дейін жалғасуы ер мен әйелдің ұрпақ әкелуі

арқылы жүзеге асатыны белгілі. Өйткені некеге тұрмаған

ер мен әйелдің жыныстық қатынаста болуы тексіздікке,

адамзаттың азып-тозуына және әр түрлі ауруларға әкеледі,

сондай-ақ әйелді асырап бағатын, оған қамқорлық жасай-

тын ер кісінің болмауы келеңсіз оқиғаларға ұшыратады.

Ал некелессе, ер кісі шариғаттың және заңның алдында

осының баршасын жауапкершілікпен өз мойнына ала-

ды. Сондықтан алға қойылған мақсаттарға жетуде ер мен

әйелдің жыныстық қатынасқа түсуіне заңды түрде рұқсат

ететін шариғи заңдарға сай қиылған некелесуден басқа

жол жоқ

356

.

355

Һуд сүресі, 61-аят.

356

Әл-Мабсуд 4-том. 193-бет.