Previous Page  234 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 234 / 360 Next Page
Page Background

234

Отбасы ғылымхалы

алиил-азим. Аллаһуммәжалһә зурриятән тайибәтән.

Ин кунтә қаддартә ән тухрижә зәликә мин сулбии.

Аллаһуммә жәннибниш-шайтанә уә жәннибниш-

шайтанә мәә разақтәни».

Яғни:

«Ұлы да асқақ Аллаһтың атымен. Егер

нәсәбімнен бір ұрпақ шығуын жазған болсаң Өзің мұны

жақсы, салихалы ұрпақ ет! Аллаһым! Шайтанды менен

аластат және маған нәсіп ететін ұрпақтан да шайтан-

ды алыстат».

Ерлі-зайыптылар бүркенуі тиіс. Сондай-ақ, кейбір

ғалымдар арасында жұма түні жақындасу – мұстахапқа

жатады дегендер бар

380

.

Құрсақтан түсік тастау

Төртінші айдан, яғни бала көтергеннен аттай жүз

жиырма күн өткен соң себепсіз түсік тастаудың харам

екендігіне қатысты ғалымдар арасында ауызбірлік бар.

Бұл сонымен қатар түсікке қатысты құн төлейтін қылмыс

болып саналады. Өйткені бұл жерде денеде жаны бар бір

адамды өлтіру деген сөз.

Әйтсе де ғұлама Зуһайли баланы көтерген сәттен

бастап түсік тастаудың дұрыс еместігін және оның да

қылмыс екенін алға тартады. Ол бала көтерген әйел тек

әлде қандай себебі болса ғана, түсік тастай алатынын ай-

тады. Мысалы, айықпас дерт, жұқпалы ауру не болмаса

омыраудағы баласы болып сүт тоқтап қалатын болса яки

сол баланы емізетін басқа бір сүт ананы таба алмаса, не-

месе сүт ана тапқан күйде де әкесі сүт анаға ақысын өтей

алмаса т.б осыған ұқсас жағдайлар үзірге жатады. Ғұлама

Зуһайли: «егер әдейі себепсіз алғашқы күндерде-ақ түсік

380

Сол жерде.