Previous Page  236 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 236 / 360 Next Page
Page Background

236

Отбасы ғылымхалы

Сөз соңында, ғұламалар себепсіз түсік тастағанда

әйелді бедеу қылатын барлық іс-әрекеттердің харам екен-

дігін айтады. Бұл баланы тірідей жерге көмгенмен бірдей.

Алайда ұрпағына жалғасатын қауіпті дерт болатын зәру

жағдай бұл қағидадан бөлек екендігін айтады. Мұнда

жамандықтың алдын алу бар. Сондықтан ауыр науқасқа

шалдыққан әйелдің бедеу қалуына кедергі жоқ

384

.

Суррогат ана

Ислам дінінде ата-ананың балалы болуы да Аллаһтың

нәсіп еткен несібелерінің бірі. Құранда:

هِّ مُلْكُ السّمَاوَاتِ وَالَْرْضِ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ يَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ إِنَاثًا

ِل

ٌوَيَهَبُ لِمَنْ يَشَاءُ الذّكُورَ. أَوْ يُزَوِّجُهُمْ ذُكْرَانًا وَإِنَاثًا وَيَجْعَلُ مَنْ

يَشَاءُ عَقِيمًا إِنّهُ عَلِيمٌ قَدِير

«Көктер мен жердің иелігі Аллаһ Тағалаға тән.

Қалағанын жаратады. Кімге қаласа, қыздар, кімге

қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-

жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу етеді.

Күдіксіз Ол – толық білуші, аса күшті құдіретті»

385

.

384

Зуһайли. Сол жерде. Мұсылман қашан да шариғаттың шеңберіне

шықпауы керек. Әсіресе түсік жайында абай болғаны абзал. Түсірген

жағдайда қырық рет өлшеп, бір кесуі қажет. Жақында біздің елімізде

осыған қатысты бір жағдай болған. Бір әйел бала көтеріп кейіннен

УЗИ-ға түскенде сол жерден алты қолды баланың бейнесі шығады.

Әлгі әйел енесіне айтқанда енесі шошып баласынан жасырып әлгі

құрсақтағы «құбыжықтың» көзін жойдырады. Сонда әлгі ананың

құрсағынан денесінде жаны бар үш бірдей ұл шығып, көз жұмады.

Енесі осыны естігенде есінен танып, инфарк болады. Әйелдің күйеуі

де есітіп бір шаңырақ қайғыдан қан жұтып, өзектерін өкініш өртейді.

Иә, Аллаһ кейбір пендесіне қошқардай үш ұл нәсіп етсе де, түсік

тастап күпірлік етіп, сәбилерін тірідей жерге көміп жатады.

385

«Шура» сүресі, 49-50 аяттар.