238
Отбасы ғылымхалы
4. Бөтен ердің спермасы мен бөгде бір әйелдің
жұмыртқасын сыртта жетілдіріп одан кейін сол
эмбрионды әйелінің құрсағына орналастыруы.
5. Ерінің спермасы мен әйелінің жұмыртқасын сыртта
жетілдіріп сол эмбрионды әлгі ері екінші әйелінің
құрсағына орналастыруы
386
.
Зина – бөгде әйел мен бөгде ердің бір-біріне деген
жақындасуы ғана емес. Зинаның негізі – ұрпақтың заңсыз
жолмен дүниеге келуі және ұрпақтың кімнен тарағаны
беймәлім болуы. Сондықтан белі жоқ ердің бөгде біреудің
ұрығын әйеліне салдыруы мен бірге жатқызуында
ешқандай айырмашылық жоқ. Сондай-ақ, белі бар ердің
де өзінің спермасы мен әйелінің жұмыртқасын бөгде бір
әйелдің құрсағына салуы сол әйелмен бірге болғанмен
тең. Зинаның мәні де ұрықтың некесіз әйелдің құрсағына
түсуі.
Мұндай індет бізге Еуропадан келген. Еуропалықтар
тіпті қазіргі таңда мұсылман әлемінен ұрық алдырып оны
әйелдерінің жатырына салдырып, содан бала тудырып, әке
болып көрінуде. Сондықтан сол елдерде қазір атасы кімнен
екені белгісіз ұрпақ көбейіп кетуде. Қазақта «жеті атасын
білмеген жетесіз» деп, ұрпаққа қатты мән берген. Егер ха-
рам жолдармен қазақ халқы да жүретін болса, көп ұзамай
сақтардан бергі гені мен ата-тегін көзінің қарашығындай
сақтап Жаратушының жолымен келе жатқан қазақ елі жер
бетінен жоғалары сөзсіз.
Үйленудің әдептері
1. Әйел, күйеуінен басқа әйелін талақ етуін талап
етуіне болмайды.
Сол сияқты оның нәпақасына, хақысына
386
ИСАМ, Илмихал. 143. Зуһайли.