Previous Page  232 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 232 / 360 Next Page
Page Background

232

Отбасы ғылымхалы

жұбайларға үйленген. Сондықтан отбасын құру – нәпілден

жоғары. Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

өзі бұны берік

ұстанса, онда үмбеттерінің де берік ұстануы бекітілген

болады. Сол үшін некелесу – шариғатымызда жалпыға

бірдей бекітілген сүннет. Егер бұл тек Пайғамбарымызға

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

ғана қатысты болса дәлелі болар еді.

Оныншы:

Отбасын құрудың дін және дүние

үшін де пайдасы зор. Некелесу – ерлі-зайыптылардың

сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, зинадан аулақ болуы, ұрпақ

жалғастыруы. Сондай-ақ әйелдің асыраушысы болады.

1959 жылы маусым айының 7-жұлдызында

377

Египет

жастар баспасөзі бетінде Біріккен Ұлттар Ұйымыжүргізген

есептің нәтижесі жарияланды.

Онда үйленгендердің үйленбеген, ажырасқан, жесір

немесе бойдақ адамдарға қарағанда ұзағырақ өмір сүретіні

анықталған. Біздің сеніміз бойынша адам өмірі өлшеніп,

тағдырына жазылып қойылған.

Есептің қорытындысында, үйлену ер кісінің де,

әйелдің де денсаулығы үшін бірдей пайдалы деп тапқан.

Үйленудің басқа пайдаларын қозғамай-ақ тек дүниеге

бала алып келуді айтсақ та жеткілікті. Египет Ата заңының

екінші бабының бірінші бөліміндегі тоғызыншы тарауда:

«Отбасы қоғамның негізі. Оның тірегі діні мен ұлттық

мінез-құлығы»,- деп жазылған.

Ата заңның оныншы тарауында аналар мен балалардың

құқығын қорғауға ерекше мән берілген. Онда: «Мемлекет

аналар мен балалардың құқығына кепілдік береді, жастар

мен жасөспірімдерге қамқорлық көрсетеді, олардың

болашағы үшін барлық жағдай жасалады»,-делінген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ата заңының 27-

бабында:

377

Фиқһ әс-Суннаһ, 2-том, 140-бет.