Previous Page  70 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 88 Next Page
Page Background

70

Періштелерге иман

өзі үшін де қабыл. Өйткені ол жерде періште болады.

Ол адам дұға еткенде ‘Cен үшін де әмин’ дейді».

174

Ия, хадистің мағынасына бойласақ, әрбір айтылған

сөздің дұға ретінде қабыл болып қалу ықтималы бар де-

ген тұжырым шығаруға болады. Сол себепті «Тұқымың

құрығыр! Жер жастанғыр! Үнің өшкір!» деген тәрізді

қарғыстарданбарынша абайболғанжөн.Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Сіздер өздеріңізге тек жақсылық

үшін дұға етіңіздер. Өйткені періштелер сіздіңжасаған

дұғаларыңызға «әмин» деп тұрады»,

175

– деп ескерт-

кен еді. Халықтың бата бергенде «періштенің құлағына

шалынсын» деп жататындығы да бекер болмаса керек.

Яғни, бұл халық арасында періштеге деген сенімнің берік

болғанын, әрі олардың кісінің жасаған дұғасына «әмин»

деп тұратынын жақсы білгендігін аңғартса керек.

Бұған қоса «Фатиха» сүресінің аяғын ала «әмин»

дегенде

176

қосыла «әмин» дейтін періштелер де бар. Бұл

жайында мына хадисте былай делінеді:

Әбу Һурайра пайғамбарымыздың бір хадисін былай

риуаят етеді:

«Имам «ғайрил-мағдууби ‘аләйһим уәладаал-лин»

деген уақытта сендер де «әмин» деңдер. Себебі, періш­

телер «әмин» дейді, имам да «әмин» дейді. Кім де кім­

174

Бухари, Зікір, 87; Әбу Дәуд, Уитр, 29

175

Муслим, Жәнаиз, 7; Ибн Мәжа, Жәнаиз, 6; Ахмад ибн Ханбал,

Мүснәд, 6/297

176

Бухари, Азан, 11