72
Періштелерге иман
(Я, Раббы! Саған мол, игі және берекелі мақтау бол-
сын) деді. Намаз оқып болғаннан кейін Аллаһтың елшісі
«Я, Раббы! Саған мол, игі және берекелі мақтау бол-
сын» – деген кім? деп сұрады. Біреу «Мен» – деді. Сон-
да Аллаһтың елшісі «Сен сол сөзді айтқан кезіңде от-
ыздан астам періштенің сол сөзді жарысып жазғанын
көрдім»,
179
– деді.
Періштелердің тағы бір тобы күндіз-түні мүмін-
дердің араларында болады. Олар мүміннің құлшылы-
ғын қадағалап, есебін Аллаһ тағала белгілеген мақамға
алып шығады. Бұл жайлы пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
былай дейді: «Жер бетін аралап Аллаһ тағаланы зікір
еткендерді іздейтін періштелер де бар. Бұл періштелер
Аллаһ тағаланы зікір етіп жатқан бір жамағатқа кездессе
«Іздегендеріңмынажақта»депбір-біріншақырады. Барлығы
жиналып, Жаратушыны пәктеп мадақтауға, тек Соған ғана
құлшылық етіп ұлықтауға жиналған қауымды қанаттарымен
бүркеп көк әлеміне дейінгі аралықты толтырады. Аллаһ
тағала олардыжақсыбілсе де періштелерінен: «Құлдарымне
деп жатыр?», – деп сұрайды. Періштелер: «Олар Сені тәсбих
етіп, Сенің жаратылыс атаулыдан мүлдем пәк екендігіңді
паш етуде. Саған тәкбір айтып, ұлықтап, Сенің құдіретің мен
ұлылығыңның теңдессіз екендігін жариялауда. Әрі Сенің
берген нығметтеріңе шүкір етіп, мадақтауда. Саған тағзым
етіп, Сенің құдіретің мен ұлылығыңның алдында өздерінің
қауқарсыздығын танытуда», – дейді. Аллаһ тағала сұрағын
жалғастырып былай дейді:
– Олар Мені көріп пе еді?
– Жоқ!
– Көрсе не істер еді?
179
Бухари, Азан, 126; Муслим, Мәсажид, 149; Әбу Дәуд, Салат, 119