69
Періштелерге иман
ды. Қашан оған бір топ
(қылмысты)
тасталса, оларға
оның сақшылары: «Сендерге ескертуші келмеді
ме?», – деп сұрайды. Олар: «Бізге ескертуші келуіне
келді. Бірақ біз оларды жалған еттік те, «Аллаһ
(уәде
еткеніндей)
сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер
адасудасыңдар», – деп едік дейді. «Егер біз тыңдаған
немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған
тозақтықтардың ішінде болмас едік», дейді. Сөйтіп,
олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған
тозақтықтар оңбасын!»,
172
– деп баяндалады.
Бұл аяттардан тозақтықтардың осы періштелерді
көретіндігін, әрі олардың азап тартуға әбден лайық
екендіктерін өздерінің де мойындағандарын көреміз.
Т
аууафун періштелері
Періштелердің кейбірі жер бетін шарлап құлшылық
мекендерін аралайды. Бұл жердегі «таууафун» сөзі шар-
лайтын деген мағынаны білдіреді. Жер бетін шарлаған
періштелер Аллаһқа құлшылық жасап жатқан құлдарын
көріп Ұлы Жаратушыға былай деп дұға етеді: «Я, Раб-
бым! Дәл қазір сенің құлдарыңның жанындамын. Олар
сенің кітабыңды оқуда. Сенің елшіңе салауат айтып
Сені ұлықтауда» – дейді. Сонда Ұлы Жаратушы: «Олар-
ды мейіріміме бөлеңдер, олармен бірге болғандар да
жаманшылыққа ұшырамайды»,
173
– дейді.
Періштелер мүміндердің жасаған дұғаларына
да «әмин» (дұғаларымызды қабыл ет) деп тұрады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде былай
дейді:
«Мұсылман адамның бауырына жасаған дұғасы
172
Мүлік, 67/6-11
173
Бухари, Даауат, 67; Муслим, Зікір, 35; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд,
2/382