Previous Page  66 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 88 Next Page
Page Background

66

Періштелерге иман

тобымен жұмаққа кіреді. Олар ең алдымен Аллаһтың жа-

малын көруге асығады. Ал Аллаһтың бейнесінің салих

құлдарына қалай, қандай жағдаятта көріну мәселесіне

келсек бұл – біз үшін бір үлкен сыр. Адам баласының,

пәнилік тұрғыдан алғанда өзге материялдық болмыстар-

дан ешбір айырмашылығы жоқ. Алайда, пәнилік өмірді

мәңгілік өмірге айырбастау жолдары адамзатқа Аллаһ

тағала тарапынан нәсіп етілген. Міне, осы істің нәтижесі

ретінде жұмақ есіктері айқара ашылып періштелер

Жаратушыға мойынсұнғандарды ізгі сәлеммен қарсы

алады. Жұмақ – адам баласына берілген баға жетпес

үлкен нығмет. Құранда:

«Аллаһ мүмін ерлер мен мүмін

әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда

мәңгілік қалатын бақшалар және Адн жаннатын-

да, көркем орындар уәде етті»

163

; «Күдіксіз өздеріне

Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ бо-

лады.Олартозақтыңсыбдырында естімейді. Сондай-

ақ олар

(жаннатта)

көңілдері қалаған нығметке

бөленіп мәңгі қалады. Оларды қорқыныштың ең

зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: «Міне

бұл сендерге уәде етілген күн» деп қарсы алады»

164

;

«Олар Адн атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан,

жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса,

олар да кіреді. Періштелер әр есіктен кіреді: Сабыр

еткендерің үшін, Аллаһтың есендігі сендерге болсын!

Соңғы жұрт нендей жақсы»,

165

– дейді.

Яғни Жасағанның сыйға тартқан мінсіз иләһи

заңдылығымен өмір сүріп, күнәлардан бойын аулақ

ұстаған тақуа әрі дініне адал жандар топ-тобымен

жұмаққа кіреді. Әлбетте оларға жұмақ есігі айқара

163

Тәуба, 9/72

164

Әнбия, 21/101-103

165

Рағыд, 13/23-24