Previous Page  62 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 88 Next Page
Page Background

62

Періштелерге иман

Бұл жайында мына хадисте былай делінеді:

«Құл қабірге жерленіп, ағайын-достары кері

қайтқанда мәйіт олардың қадамдарының дыбысына

дейін естіп жатады. Сосын оған (Мүнкәр, Нәкир) деп

аталатын екі періште келеді. Олар мәйітті отырғызып,

сұрақ қоя бастайды...»,

153

– деген

.

Сондықтан иманы кәміл кісі өмірде қандай қатты

қиындық көрсе де «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ,

Мұхаммед Оның елшісі» деген сенімге берік болып,

қабірдегі сұрақтарға да дұрыс жауап береді. Қабірге

қойылған әрбір адам қай ұлттан болса да, қай тілде

сөйлесе де періштелердің бұл сұрақтарын түсінеді.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Мүнкәр мен

Нәкир періштелері мен пенденің арасындағы сұрақ-

жауапты былайша суреттейді:

Екі періште келіп қабірдегі адамнан сұрай бастай-

ды.

Періштелер: «Раббың кім?», – дейді.

Қабірдегі мүмін: «Раббым Аллаһ», – дейді.

Періштелер: «Дінің не?»

– Дінім – Ислам.

Періштелер: «Елші болып жіберілген кім?»

«Аллаһтың елшісі Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

».

Періштелер: «Амалың не?» – дегенде,

153

Бухари, Жәнаиз, 68, 87; Муслим, Жаннат, 70; Әбу Дәуд, Жәнаиз, 78