61
Періштелерге иман
М
үнкәр мен Нәкир періштелері
Мүнкәр мен Нәкир – қабірде адамдарды сұраққа
алатын періштелердің аты. Бұл сөзді қазақшаға
тәржімелесек, «белгісіз, тосын, бейтаныс, бөгде» деген
мағыналарды білдіреді. Мүнкәр мен Нәкир қабірдегі
адамға бұрын-соңды көрмеген, тіпті ойына да келмеген
бейнеде келетіндіктен болса керек.
Имам Ғазали өз еңбегінде: «Құл өлген кезінде қара
түсті, жасыл көзді екі періште келеді. Біреуі – Нәкир,
екіншісі – Мүнкәр...»,
149
– десе, имам Суюти: «Қабір –
ақырет аялдамаларының алғашқысы. Кімде-кім осы аял-
дамадан аман-есен өтсе, кейінгі аялдамалардан да аман-
есен өтеді. Ал өте алмаса кейінгілерді өту одан да қиын
болады»,
150
– дейді.
Қабір әлемін бастан кешіру адамдардың бәріне тән
құбылыс. Одан ешкім қашып құтыла алмайды. Адам
баласы қабірге жерленгеннен кейін «Мүнкәр» мен
«Нәкир» деп аталатын екі періште қабірдегі адамға келіп:
«Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?» деген
тәрізді сұрақтар қойып, сол сұрақтарға берген жауапта-
рына қарай онымен қарым-қатынас жасайды.
151
Сұраққа
жауап бергендер үшін қабір жайлы мекенге айналып, іші
нұрлана түссе, сұрақтарға жауап бере алмағандар үшін
қабір азабы басталады. Құранда:
«Аллаһ иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде
де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді»,
152
– деген аят
бар.
149
Ғазали, Иһиау улумид-дин, 83
150
Суюти, Кабир әлемі (ауд: Абдуллаһ Айдын), Стамбул, 2000, 200
151
Қараңыз: Тирмизи, Жәнаиз,70; Мүснәд, 3/126
152
Ибраһим, 14/27