56
Періштелерге иман
көркем жүзің ол үшін жеткілікті болғандай екен» деген
еді.
133
Яғни, өлім аузында Әзірейіл және оның көмекшілері
адам баласының ізгі амалдары мен жүрегінің тазалығына
қарай көрінеді екен. Негізінде Әзірейіл періштенің әрбір
адамға әйтеуір бір көрінері хақ. Адам баласы қалай
өмір сүрген болса, солай жан тапсырады. Ал қалай жан
тапсырған болса, солай қайта тірілтіледі.
Х
амәлат-ул Арш періштелері
Бұлар аршты
134
көтеретін (қалай көтеретіні бізге
беймәлім) періштелер. Хамәлат-ул Арш періштелерін
үлкен төрт періштеден кейінгі Аллаһқа жақын періш-
телер деуге болады. Бұл тақырыпқа қатысты Құранда
төмендегідей аяттар бар:
«
(Мұхаммед с.ғ.с.)
періштелерді аршының ай-
наласында Раббыларын дәріптеген түрде көресің.
Олардың арасында ақиқат бойынша үкім етіледі.
Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық
делінеді»
135
;
«Сондайаршыныкөтергенжәнеоныңмаңындағы
періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді.
Оған сенеді. Сондай-ақ мүміндер үшін: «Раббымыз!
Мәрхаметің, әр нәрсені толық қамтыған. Тәубе етіп,
жолыңа түскендерді жарылқа! Оларды тозақтан
сақтай гөр!», Раббымыз! Оларды әрі аталарынан,
133
Ғазали, Иһиау улумид-дин, ІV/829
134
Арш-Ұлы Жаратушының ғалам үстіндегі шексіз иелігінің белгісі
135
Зүмәр, 39/75