Previous Page  53 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 88 Next Page
Page Background

53

Періштелерге иман

уақытта қалай үлгереді?» деп күмәнға жол беріп жата-

ды.

Періштелер нұрдан жаратылғандықтан бір сәтте

бірнеше жерде көріну мүмкіншілігіне ие. Олардың бір

істі атқаруы екінші бір істі жүзеге асыруға әсте бөгет бола

алмайды. Міне, сондықтан Әзірейіл періште дүниенің

бір жеріндегі белгілі бір адамның жанын алған сәтте

басқа жердегі екінші бір адамның жанын да оп-оңай ала

алады.

127

Мұнытағыбірмысалменайқындайтүсейік.Мәселен,

бір жерден радио толқындары арқылы мәлімет тараса,

сол толқынды ұстайтын жиіліктегі барлық құралдар

да әлгі мәліметті тарата бастайды. Ал бір түймені басу

арқылы орталықтан берілетін хабарды тоқтатса, сол

толқынды ұстайтын жиіліктегі барлық радио құралдары

да әп-сәтте өз қызметін тоқтатады. Дәл осы секілді Аллаһ

тарапынан берілген алапат күш иесі Әзірейіл періште де

өлім жиілігіндегі бүкіл пенделердің жанын бір мезетте

неге ала алмасын?!

Ойымызды және бір дәлелдеу мақсатында Әзірейіл

періштенің өлім алдындағы пендеге қорқынышты

яки ұнамды кейіпте көрінуін қарапайым ғана айнаны

мысал ете отырып түсіндіріп көрейік. Бөлмедегі жүз

айнаның біреуі шағылысқан затты қара, екіншісі көк,

үшіншісі ұзын әрі жіңіше, ал енді бірі толық, қысқа етіп

көрсететін болса, бөлмеге кірген бір ғана адам жүз айна-

да жүз түрлі кейіпте көрінеді. Міне, сол сияқты Әзірейіл

періште де рухын алатын кісінің иман, ғибадат, мінез-

құлықтарының рухани айналарындағы жағдайына қарай

әртүрлі бейнеде көрінеді. Күнәһар адамға үрейлі, ал

127

С.Сених, Шүбһелер үзерине, Измир, 1988, 60