Previous Page  49 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 88 Next Page
Page Background

49

Періштелерге иман

қалайсың ба? – деп сұрап жатыр», – деп сауал тастай-

ды. Жәбірейіл періште осы сәт: «Раббыңа кішіпейілдік

таныт!» деп ишара етті. Сонда Аллаһ елшісі: «Бір күн аш

қалып жалбарынған, бір күн тоқ болып шүкір еткен құл

пайғамбар болуды қалаймын»,

113

– деп Исрафилге жауап

қайтарған еді.

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз Исрафил

періштенің өзге періштелерден үстем екендігін көрсету

үшін түнде намаз соңында:

«Уа, Раббым! Жәбірейіл,

Микаил, және Исрафилдің Раббысы. Көк пен жердің

жаратушысы...»,

114

– деп олардың аттарымен дұға

оқығанын көреміз.

Бұл періштенің аты тікелей Құранда аталмағанымен,

сұр үрлейтін періштенің аты екені хадистер арқылы келіп

жеткен. Қиямет күні бұл періште Аллаһтың әмірімен екі

рет сұрды үрлейді. Сұрға (сырнай) байланысты Құранда:

«Сырнай үрленді, Аллаһтың қалағандарынан тыс

жердегі және көктегі барлығы дереу жансыз жерге

құлады. Сосын сырнай тағы бір рет үрленген мезетте

адамдар қабірлерінен түрегеліп жан-жағына шошы-

на қарап қалады»,

115

– десе, Исрафил періште жай-

ында: «Жақын жерден дауыстап шақыратын

(сұр

үрленетін)

күнге құлақ сал»,

116

– дейді.

Сонда адам баласы қабірде үнсіз жатқанда бір дыбыс

естиді. Бұл – олардың қайта тірілуіне ишара білдірген

Исрафилдің сұр дыбысы.

113

Хайсәми, Мәжмауз Зауаид, 9/18-20; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд,

2/231

114

Муслим, Мусафирун, 200

115

Зүмәр, 39/68; Қосымша қараңыз: Әнғам, 6/73; Таһа, 20/122; Ясин,

36/51

116

Қаф, 50/41