50
Періштелерге иман
Құранда:
«Ендеше, олардан бет бұр. Әлбетте бір
күні шақырушы
(Исрафил)
барлығын еш көрмеген
таңқаларлық ақиқатқа
(қабірдегі адамдарды мақшар
алаңына жиналуы үшін сұр үрлеп)
шақырады. Олар,
үрейленіп, айналаны бірден шегіртке қаптап кеткен-
дей қабірлерінен шығады»,
117
– дейді.
Мына хадисте сұр жайында былай делінеді:
Абдуллаһ ибн Әмір ибн әл-Астың риуаяты бойын-
ша, бірде бәдәуидің бірі пайғамбарымызға келіп:
«Сұр деген не?», – деп сұрайды. Сонда
пайғамбарымыз: «Үрленетін сырнай»
118
(біз үшін
беймәлім яғни
қияметтің хабарын беру үшін үрленген
кезде дыбыс шығаратын құрал) – деп жауап берген еді.
Басқа бір жерде екі дүние Рақымы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Исрафил сұрды қолына ұстап, үрлеу үшін әмір күтіп
тұр»,
119
– дейді.
Исрафил періште Аллаһтың рұқсатымен сұрды
алғаш рет үрлегенде қиямет қайым орнап, жер мен
көктегі бүкіл жанды тіршілік өледі. Екінші рет үрлегенде
бүкіл жанды тіршілік қайта тіріледі де ақырет өмірі ба-
сталады. Исрафил періштеге сұр үрлегендіктен
«Сұр
үрлейтін періште»
дейді.
117
Қамар, 54/6-7
118
Әбу Дәуд, Сүннет, 24; Тирмизи, Қиямет, 9; Ахмад ибн Ханбал,
ІІ/196
119
Табәри, әл-Жамиул Бәйан, VІІ/211; Ибн Кәсир, Тафсирул Қуран,
ІІІ/276