46
Періштелерге иман
да болғандай еді. Кейінгі уақыттарда Жәбірейіл періште
пайғамбарымызға намаздың қалай және қай уақыттарда
оқылуы керектігін үйреткен.
100
Тайыф халқы пайғамбарымызды ренжіткен
кезінде тауларға жауапты періштемен бірге келіп
пайғамбарымызды жұбатқан да осы Жәбірейіл періште
еді.
101
Бірде пайғамбарымыз науқастанып қалғанда
Аллаһтан шипа тілеген де осы Жәбірейіл періште
болатын.
102
Мінеки, пайғамбарымыз бен Жәбірейіл періштенің
арасындағы достық осылайша жалғасты. Тіпті бірде
Жәбірейіл періште досының қасында ұзақ уақыт
болғанын қалағанда мына аят түскен-ді:
«Раббымның
әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымыздағы және екі
арадағы жағдайларды білу Оған тән...».
103
М
икаил періште
Бұл періштенің атыҚұранда бір аятта ғана айтылған:
«Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ
Жәбірейіл, Микаилға, дұшпан болса, әлбетте Аллаһ
кәпірлерге дұшпан».
104
Бұл періштеге Әһли кітап иелерінің де сенгендігін
көруге болады. Бірде пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдина қаласына көшкен кезде Фәдак яһудилерінен
Абдуллаһ ибн Сурия қасына бірнеше кісі ертіп келіп
пайғамбарымыздан «Саған қай періште келеді?» деп
сұрайды. Пайғамбарымыз
(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)
«Жәбірейіл»
100
Әбу Дәуд, Салат, 2; Тирмизи, Салат, 1; Нәсай, Мәуақит, 10, 15
101
Ибн Сағд, Табақатул-Кубра, Бейрут, 1978, 1/210
102
Қараңыз: Муслим, Сәлам, 40; Тирмизи, Жәнаиз, 4
103
Мәриям, 19/64
104
Бақара, 2/98