45
Періштелерге иман
Әрине Жәбірейіл таңдаулы және сенімділердің
сенімдісі болғандықтан, оның басты міндеті –
баршамызға мәлім болғандай Аллаһтың хабарларын,
уахи әкелу.
Осыған орай Айша (р.анһа) анамыз былай баян-
дайды: «Аллаһ елшісіне алғашқы келген уахи оның көз
ілген сәттеріндегі «ақиқат түстерімен» басталған. Оның
көрген түстері таңғы шапақтай дәл келетін. Кейіннен
ол елден бөлек оңаша қалуды қалады. Осыдан кейін
ол Хира үңгіріне барып, Аллаһ тағалаға құлшылық
қылатын. Азық алу үшін ғана үйге келіп, көп кідірмей
қайта кететін. Аллаһ елшісіне Хира үңгірінде болған сол
күндердің бірінде уахи келді. Оған Жәбірейіл періште
келіп «Оқы!», – деді. Ол, «Мен оқи алмаймын», – деп
жауап қайырады. Бұл жайлы Аллаһ елшісінің өзі былай
дейді: «Сол уақытта періште мені қапсыра құшақтап
алып, тынысым тарылғанға дейін қысты. Содан мені қоя
берді де: «Оқы!», – деді. Мен «Оқи алмаймын», – деп
жауап бердім. Ол мені қайта құшақтап «оқы» деді. Мен
қайта «оқи алмаймын» дедім. Жәбірейіл періште үшінші
рет қысып тұрып қоя берді де:
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол
адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың
аса ардақты. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін
үйреткен»
98
деген аятты оқыды...».
99
Осы күннен бастап Жәбірейіл періште мен
пайғамбардың арасында жайма шуақ достық сезімі пай-
98
Ғалақ, 96/1-5
99
Бухари, Бәдул-уахи; 1/2-3