Previous Page  47 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 88 Next Page
Page Background

47

Періштелерге иман

дегенде, «Егер де уаһиды Микаил періште әкелгенде біз

иман етер едік» деген күйі бұрылып кете барған. Олар

Жәбірейілді, тек жамандық пен шайқас алып келуші

деп, ал Микаилды молшылық пен берекет алып келуші

періште деп сенетін еді.

105

Алайда, Жәбірейіл де, Микаил де – Аллаһтың

елшілері. Бұл періштелердің қай-қайсысы да Аллаһтың

әмірін мүлтіксіз орындайды. Аллаһ тағала Микаил

періштеге жаратылыстағы оқиғалардың, жер бетіндегі

тіршілік иелерінің рызықтарын қадағалу міндетін

жүктеген. Микаил періштенің көмекшілері де жоқ

емес. Олар да Аллаһтың әмірін орындайды. Мика-

ил періште жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды

қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті әрбір жаңбырдың

тамшысы періштелердің қадағалауымен жауады.

106

Бұлардың барлығы Микаил періштенің қарамағындағы

періштелер.

Микаил – Құранда аты аталған Аллаһ тағала

мен хазірет Мұхаммедке

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ең жақын

төрт періштенің бірі. Тирмизидің риуаяты бойынша

пайғамбарымыз:

«Менің жер бетінде екі, көк жүзінде

екі уәзірім бар. Жерде хазірет Әбу Бәкір мен хазірет

Омар, ал көкте Жәбірейіл мен Микаил періштелер»,

107

деген.

Табараниде бұл хадис: «Аллаһ мені төрт уәзірмен

демеді. Бұлардың екеуі жерде, екеуі көкте»,

108

– деп

өтеді.

105

Елмалылы, Тафсир, Бақара, 2/98; Ибн Кәсир, Тафсир, Бейрут, 1969,

І/129; Ислам Энциклопедиясы, «Микаил» бабы.

106

Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1/41

107

Тирмизи, Мәнақиб, 16

108

Табарани, әл-Мужамул Кәбир, 11/179