Previous Page  43 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 88 Next Page
Page Background

43

Е

Ң ҰЛЫҚ, АРДАҚТЫ ТӨРТ ПЕРІШТЕ

Ж

әбірейіл періште

Періштелердің ең үлкені әрі уахи жеткізуші

періштенің есімі – Жәбірейіл. Ол – жаратылыстағы сан-

сыз періштелердің арасындағы ең беделдісі һәм сұлтаны.

Құранда мадақталған өте сенімді періште. Құранның үш

жерінде Жәбірейіл періштенің есімі тікелей кездеседі:

«Кім Жәбірейілге дұшпан болса, мынаны жақсы

білсін: Ол Аллаһтың бұйрығымен Құранды туралық

жетекшісі және бұрынғы түскен кітаптарды растау-

шы һәм мұсылмандарға сүйіншілеуші етіп жүрегіңе

түсірді. Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне

сондай-ақ Жәбірейіл, Микаилға дұшпан болса,

әлбетте Аллаһ кәпірлерге дұшпан»

91

; «Егер екеуің

Аллаһқа тәуба етсеңдер жақсы. Расында жүректерің

ауытқыды. Егер екеуің пайғамбарға қарсы бір-біріңе

болыссаңдар, оның иесі Аллаһ және Жәбірейіл де, игі

мүміндер де тағы олардан кейін періштелер де оған

болысады».

92

Сонымен қатар Жәбірейіл, аяттарда «рух», «руху-л

әмин» (сенімді рух), және «руху-л қудус» (қасиетті рух)

деген сияқты аттармен де аталады. Құранда:

«Ол жоғарғы орынға

(Оның Аршына)

періштелер

және Рух

(Жәбірейіл)

мөлшері

(дүние жыл сана-

уы бойынша)

елу мың жылдық жолды бір күнде

шығады»

93

;

91

Бақара, 2/97-98

92

Тахрим, 66/4

93

Мағариж, 70/4