Previous Page  44 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 88 Next Page
Page Background

44

Періштелерге иман

«

Сөзсіз, бұл Құран әлемдердің Раббысының

түсіргені. Оны Рухул-Әмин

(сенімді Рух)

әкелді»

94

;

«Рухул қудус

(Жәбірейіл)

Құранды; шынайы

түрдеиманкелтіргендерді бекемдеуһәммұсылмандар

үшін туралық әрі қуаныш түрінде Раббың тарапы-

нан түсірді»,

95

– дейді.

Басқа бір аятта:

«Біз оны

(Құранды)

Қадір түні

түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе?

(Аллаһ

тағала білдірмесе)

қайдан білесің? Қадір түні мың

айдан да артық. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен

кез-келген іс үшін рух

(Жәбірейіл)

пен періштелер

түседі.

(Әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін)

таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі

жауады»,

96

– дейді.

Яғни, Құран кәрім адамзатқа қадірі мен беделі асқан

ұлық түнде түскен еді. Осы Қадір түні Аллаһ разылығы

үшін жасалған амалдар мен құлшылықтар өзге мың

айда жасалынған амал, сауапты іс пен жақсылықтардан

әлдеқайда көп болмақ. Осы түні Жәбірейіл мен

өзге періштелер түннен бастап, таң қылаң берген-

ге дейін, топ-топ болып жер бетіне түседі. Олар Хақ

тағаланың рұқсатымен амал етеді. Сол түні періштелер

мұсылмандарға сәлем береді. Олардың сәлем берулері

таң ағарғанға дейін жалғасады.

97

Сонымен қатарЖәбірейіл періштенің міндеттерінің

бірі – пайғамбарды қорғау. Бірде Бәдір шайқасында

да Жәбірейіл мен Микаил періште пайғамбарымызды

дұшпандардан қорғап олардың сағын сындырып,

мұсылмандардың рухын көтеріп жігер берген еді.

94

Шұғара, 26/193

95

Нахыл, 16/102; Бақара, 2/87

96

Қадір, 97/1-5

97

әс-Сағди, Тәйсирул-Кәримир-Рахман, V/424