42
Періштелерге иман
баласының Аллаһ разылығы үшін жасалған кез келген
амалы ескерусіз қалмақ емес.
Әрбір тамшы судан миллиондаған тірі жанды
жаратқан, бірмиллиметр квадрат қанда төрт-бес миллион
эритроциттерді (қызыл түйіршіктерді) тіршілік еткізген,
теңіздегі балықпен топырақ астындағы жәндікке өмір
берген Аллаһ тағаланың, бүріккен судай сіркіреген ақ
жауын тамшыларындай жаратқан көп періштелері бар.
Сонымен қатар көк пен жерде жұмақ пен тозақта белгілі
бір қызметпен міндеттелген періштелер, әр адамға
жүктелген үш жүз алпыс періште,
89
амалдарымызды
жазатын екі періште, әр дәннің өсіп өнуіне жауапты
періштелер бар.
Періштелер мен жындардың саны тек Аллаһ тағала
ғана мәлім. Құран мен хадистерде періштелердің саны
туралы нақты мағлұмат жоқ. Құранда да айтылғандай:
«Раббың жасақтарының санын Өзі ғана біледі».
90
Періштелер де өз араларында бір-бірінен ерек-
шеленеді. Мысалы, Жәбірейіл, Әзірейіл, Микаил, Исра-
филдер ең үлкен періштелерге жатады. Олардан кейін
ретімен Хамәлат-ул Арш, Мәла-и әғла, Нәди-ия әғла,
Рафиқ-и әғла секілді т.б. періштелер келеді. Тіпті ең
ұсақ әрбір атомнан ең алып галактикаларға дейін жау-
апты періштелер бар деуге болады. Әлбетте, бұлардың
әрбірінің дәрежесі әрқилы болуы заңды. Сондықтан біз
кейбір періштелерді олардың есімдерін, іс-әрекеттері
мен атқаратын міндеттері арқылы танимыз.
89
Суюти, әд-Дуррул-Мансур фи Тафсирил Мәсур, 4/615; Зәбиди,
Итһафу-с-Саде, 7/288
90
Мүддәсір, 74/31