Previous Page  37 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 88 Next Page
Page Background

37

Періштелерге иман

Қазіргі дамыған медицина иттен адамға жұғатын

бірқатар аурулардың түрлерін де анықтағаны белгілі.

Бұған қоса, ит жолдан өткен-кеткендердің есін

шығарып, жеп қоя жаздап арпылдап келген қонақтарды

қорқытады. Әсілі үйде ит асырауға кететін күші мен

қаражатын мүмін өзге де қайырлы істерге жұмсағаны

абзал.

Ит ұстаған үйге періштелердің келмеуі иттің

ластығы не діни тұрғыдан нәжіс саналатындығы бол-

са керек, бірақ оның басқа да себептері болуы мүмкін.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Егер ит-

тер де жеке басына үмбет болмағанда, оларды

қырып тастауға бұйрық берер едім»,

82

– деген хадисі

табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің сақталуында

иттердің де өз үлесі бар екенін білдірген тәрізді.

Негізінде, пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Періштелер тірі жандылардың суреті ілінген үй

мен иті бар жерге кірмейді»

деген хадисіне байланы-

сты ғалымдар түрлі пікір өрбіткен. Кейбір ғалымдар

бұл жерде ниеттің өте маңызды екенін ескеріп, яғни,

суреттің ешқандай құлшылықпен табынумен байла-

нысы жоқ болған жағдайда, намазға тұрған адамның

құбыла жағынан басқа қабырғаларға сурет ілуге рұқсат

бар екенін айтады.

Ислам дінінде сурет пен мүсіннің тыйым салы-

нуына қатысты көптеген себептер бар. Ең алдымен су-

рет пен мүсіннің тыйым салынуына исламнан бұрынғы

надандық дәуірдің әсері болғандығын ескергеніміз абзал.

Яғни пұттарға табынудан енді ғана арылған қауымға

көне, жаңсақ сенімдердің қайта сіңісіп кетпеуі үшін

пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сурет пен мүсінге

82

Әбу Дәуд, Әдаһи, 22; Тирмизи, Сайд, 16-17; Нәсаи, Сайд, 10; Ибн

Мәжа, Сайд, 6