36
Періштелерге иман
П
еріштелер қандай жерлерге жоламайды?
Нұрдан жаратылған пәк періштелер Аллаһ тағала та-
рапынан тыйым салынған әрі Аллаһқа серік қосылатын,
түрлі күнәлар жасалатын жерлерден аулақ болады.
Бұны біз төмендегі хадистерден көре аламыз:
Бірде Жәбірейіл періште пайғамбарымызға
уағдаласқан мерзімде келмей қалады. Таңырқаған
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұның себебін ойла-
на бастайды. Содан соң менде бір кемшілік болды мекен
деп, үй ішіндегі жағдайға бір көз жүгіртеді. Үй ішінен
немерелері Хасан мен Хұсейіннің кішкентай күшігін
байқап қалып, оны сыртқа шығарып жіберген сәтте
Жәбірейіл де кіріп келеді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
одан кешігуінің себебін сұрайды. Сонда Жәбірейіл
періште:
«Періштелер сурет тұрған және ит болған жерге
кірмейді...»
80
деп жауап берген еді. Басқа бір жерде ибн
Омардың (р.а.) риуаяты бойынша пайғамбарымыз:
«Аңшылық пен малшылықтан тыс үйінде ит
асыраған адамның сауабы күнде кеміп отырады»,
81
–
дейді. Яғни малды, үйді қорғау, аң аулау сияқты нақты
қажеттілік болмаса, үйдің ішінде ит асырауға дінімізде
тыйым салынған.
80
Бухари, Бәдул-халқ, 7-17; Либас, 88-94; Муслим, Либас, 81-83
81
Бухари,
К.әз-Зәбаиһ, 6; Муслим, К. Мусакат, 46,50,56-58