35
Періштелерге иман
Мен тек өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көр соқыр
мен көзі ашық тең бола ала ма? Ой салмайсыңдар
ма?».
77
Сонымен қатар
«Ол барлық ғайыпты біледі.
Ғайыптың сырын ешкімге ашпайды. Тек қалаған
пайғамбарына ғана білдіреді. Сондай-ақ, Раббы-
сынан алынған хабарлардың айна-қатесіз, толық
жеткізілгенін білу үшін Аллаһ өз елшісінің алды-
артына күзетші қояды. Негізінде, Аллаһ олардың
жағдайын толық біліп, барлық нәрсені жеке-жеке са-
нап жазып қойған»,
78
– деп ғайыптың тек Аллаһ тағала
тарапынан қалаған пайғамбарына ғана білдірілетіндігі
айтылуда.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да өздігінен
еш нәрсе айтпаған. Ал айтқандары болса уахи арқылы
жеткен Аллаһтың хабары. Сонымен қатар Аллаһ тағала
тек пайғамбарға ғана емес, үмбет арасында салиқалы,
жүрек көзі ашық жандарға да керемет ретінде ғайыпты
білдірген. Бұл жайлы пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде:
«Үмбетімнің арасында (иләһи) шабытқа
ие адамдар бар»,
79
– деген еді.
Демек, Аллаһ тағала пайғамбарлар мен салиқалы
және жүрек көзі ашық жандарға біршама ғайыптан ха-
бар берген. Бірақ бұл олар ғайыпты толық біледі деген
ұғым тудырмаса керек. Өйткені пайғамбарлар ғайыпты
білуші емес уаһи жолымен ғайыптан хабар алушы әзиз
жандар.
77
Әнғам, 6/50
78
Жын, 72/26-27
79
Бухари, Әнбиә, 54; Муслим, Фәдаилус-Сахаба, 23; Тирмизи, Мәнақиб,
17