30
Періштелерге иман
Бұған дәлел ретінде жоғарыда Ибраһим пайғамбарға
келген кездегі болған оқиғаға тоқталған дұрыс.
Періштелер адам кейпіне еніп оған келген кезінде,
Ибраһим пайғамбар қонақжайлық әдетімен дереу да-
стархан жайды. Алдарына дәм тартса да қонақтардың
дастарханға қол соза қоймағанын көріп бойын үрей би-
лей бастады. Құранда бұл оқиға былайша баяндалады:
«
Саған Ибраһимнің ардақты қонақтарының
әңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде «Сәлем»
деді. Ибраһим де «Сәлем, бөгде қауым» деп жау-
ап берді. Дереу үйіне барып семіз бұзау
(етін пісіріп)
әкелді. Оны оларға жақындатып «Жемейсіңдер ме?»
деді.
(Жемегендігін көріп)
Олардан қорқа бастады.
Олар «қорықпа!»
–
деді де, оны парасатты бір ұлмен
қуантты
».
62
Тағамнан ауыз тимеген қонақтардан Ибраһим
пайғамбар сескеніп қалып еді. Періштелер пайғамбардың
сескенгенін байқап:
«
Қорықпа, біз Лұт қауымына жіберілдік
»,
63
–
деді. Ибраһим пайғамбар олардың кім екендігін сонда
ғана ұғынып, көңілін билеген күдіктен арылған еді.
62
Зарият, 51/24-28
63
Һұд, 11/70