26
Періштелерге иман
біз сендерге
(көмек ретінде)
оларға
(жауға)
қарсы
дауыл соқтырып, сендер көре алмайтын әскерлер
(періштелер)
жіберіп едік. Аллаһ – істегендеріңнің
бәрін көруші»,
52
–деген аяттар түсті.
Осылайша періштелер адам кейіпінде келіп
мұсылмандарға қиын-қыстау кезеңде көмектескен
болатын. Бұл шындық Құран аяттары және хадис
шәріптермен толықтай қуатталған. Осыларға қосымша
мына оқиғаларды да айта кетейік.
Әсіліперіштелердітолықтайөзбейнесіндекөруекінің
бірінің маңдайына жазылмаған. Тек пайғамбарымыз
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қана Жәбірейіл періштені
алғаш рет уахи әкелгенде және Миғражда «Сидратул
мунтәһаның» (жұмақ бұлағының түбінен өсіп шыққан
ағаш) жанында өз бейнесінде көрген делінеді. Құранда:
«
Расында ол, оны ашық көкжиекте көрді»
53
;
«Расында ол Жәбірейілді екінші рет көрді. Си-
дратул Мунтәһаның жанында»,
54
– дейді.
Кейбір мәліметтерде пайғамбарымыздың Жәбірейіл
періштені көбіне Дыһия ибн Халифа әл-Кәлби (50/670-
?)
55
(р.а.) атты сахабаның бейнесінде де көргендігі
айтылады.
56
Хазірет Омар, Абдуллаһ ибн Аббас, Усама ибн Зәйд,
Харис сынды сахабалар, Айша анамыз бен Умму Сәлама
52
Ахзаб, 33/9
53
Тәкуир, 81/23
54
Нәжім, 53/13-14
55
Сымбатты, сөзге шебер және батыл сахаба болған.
56
Бухари, Табир, 33, Фитән, 26, Әнбия, 48; Муслим, Иман, 271