21
Періштелерге иман
Мәселен, Құран кәрімнің «Әнкабут» сүресінде:
(Ибраһим):
«Әрине, онда Лұт та бар» деді.
(Елшілер)
: «Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз.
Артта қалып апатқа ұшырайтындардың қатарында
болуына үкім етілген әйелінен бөлек Оны және үй-
ішін әлбетте құтқарамыз»
38
деп, періштелердің Лұт
пайғамбарға келгендігі айтылуда. Періштелер оған
сымбатты жас жігіт бейнесінде келді. Өз қауымының
арсыздыққа салынғанын жақсы білетін Лұт пайғамбар
бұлар мені «қонақтарымның алдында да жерге қаратпас
па екен» деп қатты қысылады. Бұл оқиға Құранда былай
баяндалады:
«
Елшілеріміз
(жас жігіттер бейнесінде)
Лұтқа кел-
генде
(елінің сұмдығын ойлап)
қынжылған ол көңілі
жабырқап: «Бұл бір ауыр күн» деді. Қауымы оған
жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жа-
ман істер істейтін еді.
(Лұт ғ.с.)
«Әй халқым! Мына
қыздарым, олар сендер үшін
(некелесіп алсаңыздар)
анағұрлым тазарақ. Енді Аллаһтан қорқыңдар!
Қонақтарымның алдында мені ұятқа қалдырмаңдар.
Араларыңда бір де бір есті кісі жоқ па?» деді.
(Лұттың
ғ.с. «мына қыздарым» дегені, сол елдің әйелдері еді.
Өйткені пайғамбар сол үмбеттің әкесі іспетті.)
Олар: «Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расында
сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің»
деді.
(Лұт ғ.с.)
«Әттең!Сендерге төтепбереркүшімбол-
са, не бір мықты бекініске паналасам» деді.
(Елшілер)
:
«Әй, Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз. Олар
38
Әнкабут, 29/32