Previous Page  23 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 88 Next Page
Page Background

23

Періштелерге иман

(құдіреттілігімізді)

ап-айқын ишара және дәлел әрі

(елшілігімен)

тарапымыздан бір нығмет етеміз. Бұл

біткен іс еді» деді

.

41

Періштелер дәл осы бейнеде Зәкәрия пайғамбарға

да келген еді. Олар оның жақында Яхия есімді ұлды

болатынын білдіріп сүйіншіледі. «

Зәкәрия хұжырада

намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: «Расында

Аллаһ тағала саған Аллаһтан болған әмірді

(Исаны

ғ.с.)

растаушы, ел ағасы, нәпсісіне ие, игілерден бір

пайғамбар болатын Яхиямен қуанышқа бөлейді», –

деп дауыстады».

42

Құрандағы бұл оқиғалар періштелердің адам

бейнесінде көрінгендігі жайлы бірден-бір шынайы

дереккөздер болып табылады. Періштелер кез-келген

бейнеге ене алатындығы соншалық, адамдар оларды көп

жағдайда ажырата алмай қалып жатады. Бұған Ибраһим

(ғ.с.) пайғамбарға да олардың адам бейнесінде келгендігі

дәлел.

43

Періштелердің елшілік қызметі тек хабар жет-

кізумен немесе пайғамбарларға уахи әкелумен ғана

шектелмейді. Періштелердің соғыстарда мұсылман-

дарға қолдау көрсеткендігі Құран кәрімде баян

етіледі. Ислам тарихында Бәдір шайқасының ерекше

орны бар. Сондықтан бұл айтулы шайқасқа қатысқан

періштелердің осы шайқасқа қатысқан сахабалардың

басқа сахабалардан өзіндік артықшылығы болғаны

сияқты басқа періштелерден артықшылығы бар. Осы

қан құйлы шайқасқа қатысып, періштелерге қолбасшы

болған Жәбірейілдің өзі еді.

44

Бәдір шайқасында жау

41

Мариям, 19/16-21

42

Әли Имран, 3/39

43

Қараңыз: Һұд, 11/69-70

44

Бухари, Мағази, 11