29
Періштелерге иман
кейпінде келген әлгі кісінің періште екендігін біліп
қатты таңданды.
Сағд ибн Әби Уаққас (р.а.) риуаят еткен хадисте:
«Ұхұд күні Аллаһ елшісінің оң және сол жағында
жаумен арпалысып жүрген ақ киімді екі кісіні көрдім.
Олар бұрын-соңды байқамаған адамдарым. Әсілі олар
Жәбірейіл мен Микаил атты періштелер болса керек»,
59
– дейді.
Әбу Суфиян ибн Харис болса, Бәдір күнгі шайқаста
көк пен жердің арасында ақ киімді әскерлерді көргендігін
айтқан.
60
П
еріштелер ас-ауқат іше ме?
Періштелердің өмірінде ішіп-жеу, жұптасу,
үйлену деген адамдарға тән жағдаяттар болмайды.
Себебі, олардың өмір сүру шарттары бізден мүлде
бөлек. Періштелердің ішіп-жемейтіндігін, бас құрап
үйленбейтіндігін ислам ғұламалары тегіс құптаған.
61
Періштелердің жаратылысы нұрдан болғандықтан
олардыңқажеттіліктері де текрухани тұрғыданөлшенеді.
Олар үнемі құлшылық жасап Аллаһты еске алу арқылы
рухани ләззат алады.
59
Бухари, Мағази, 18, Либас, 24; Муслим, Фәдаилус-Сахаба, 46-47
60
Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 1/147, 353; Қады Ыяз, әш-Шифа би
тарифи Һуқуқил Мустафа, Дарул Әркам, Бейрут, 1995, 1/362
61
Суюти, Тануирул-хауалық, 264