31
Періштелерге иман
П
еріштелер жынысқа бөліне ме?
Періштелер ұрпақ қалдырып, көбеюге мұқтаж емес.
Яғни, олар жынысқа бөлінбейді. Ислам діні келгенге
дейінгі араб қоғамының періштелер жайлы сенімдері тым
таяз болатын. Олар періштелерді «Аллаһтың қыздарына»
балап, ұл балаларды артық көретін.
64
Ұлы Жаратушы бұл айтылған пікірлерді жоққа
шығару үшін «
Олардан
(Меккеліктерден)
сұра:
Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме? Неме-
се періштелерді әйел жынысынан жаратқанымызға
олар куә ме? Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта
береді: Аллаһтың баласы бар деп олар мүлде өтірік
айтады. Аллаһ ұлдардан гөрі қыздарды артық көре
ме? Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?
Түсінбейсіңдер ме? Не сендердің ашық бір дәлелдерің
бар ма? Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды
әкеліңдер. Олар Аллаһ пен періштелер арасында
ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер
олардың Аллаһтың алдына келтірілетінін біледі.
Аллаһ олардың сипаттауларынан пәк»
,
65
– деді.
Зұхрұф сүресінде:
«
Олар
Аллаһтың
құлдары
періштелерді
өздерінше әйелдерге балайды. Олар
(періштелердің)
жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері
жазылады және сұраққа алынады»
66
;
Және Нахыл сүресінде:
64
Қараңыз: Ибн Кәсир, 6/45
65
Саффат, 37/149-159
66
Зұхрұф, 43/19