32
Періштелерге иман
«Олар: Аллаһтың қыздары бар, – деседі. Аллаһ
одан пәк»
67
деу арқылы бұл пікірдің мүлдем теріс
екендігін аңғартады.
П
еріштелердің қанаттары бар ма?
Әдетте періштелер жайлы сөз еткенде, олардың
қанаты бар ма, жоқ па деген сұрақтың ойға оралатыны
белгілі. Періштелердің қанаттары мен олардың саны
жайлы мәліметтер Құран аяттары мен хадистерде де
көптеп кездеседі. Құранда:
«Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі,
үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған
Аллаһқа барлық мақтау лайық. Ол жаратуда
қалағанын арттырады. Күдіксіз Аллаһтың кез-
келген нәрсеге толық күші жетеді»,
68
– деп екі, үш
және төрт қанаттыперіштелердіңбар екендігі айтылуда.
69
Аят соңындағы
«Ол
(Аллаһ)
жаратуда қалағанын арт-
тырады»
сөзі Аллаһ тағаланың одан да көп қанатты
періштелерді жаратқандығына ишара болса керек.
Алайда періштелердің қанаты біздің түсінігіміздегі яғни
құстардікіндей қанат емес. Қанаттарының бір ерекшелігі
67
Нахыл, 16/57
68
Фатыр, 35/1
69
Табәри, әл-Жамиул Бәйан, 22/76