Previous Page  38 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 88 Next Page
Page Background

38

Періштелерге иман

байланысты қатаң ескертулер жасайды. Тіпті Бухари мен

Муслим риуаят еткен хадистерде осы тақырыпқа байла-

нысты пайғамбарымыз:

«Ақыретте тірі жандылардың

суретін салғандарға Аллаһ тағала олардың салған

суреттеріне жан беруін әмір етеді. Суреттерге жан

бермейінше оларды азаптайды... Ұлы Жаратушыдан

өзге оларға ешкімнің де жан беруі әсте мүмкін емес»,

83

– деген.

Бұған қоса періштелердің жағымсыз иісті де

ұнатпайтындығын айта кету керек. Муслимнің риуаяты

бойынша пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Сарымсақ, жуа және куррас (пияздың бір түрі)

жеген адам мешітке келмесін. Өйткені адамдар

ұнатпаған иісті періштелер де ұнатпайды»,

84

– деген.

Бұл жерде пайғамбарымыз мешіт немесе сол секілді өзге

де ғибадат орындарына мүмкіндігінше жағымсыз иіспен

бармау керектігін ескертуде.

Сарымсақ пен жуа жайлы басқа хадистерде де көп

айтылады. Бірақ бұл Аллаһтың аталмыш нығметтерін

мүлде жеуге болмайды деген мағынаны білдірмейді.

Бұған дәлел ретінде пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

:

«Сіз еш сарымсақ жемейсіз бе?», – деп сұралғанда,

– «МағанЖәбірейіл періште кез келген сәтте уахи әкелуі

мүмкін. Сол үшін жемеймін. Ал сендер жей берсеңдер

болады»,

85

– деген жауабын келтіруге болады.

83

Бухари, Табир, 45; Либас, 97; Муслим, Либас, 100; Әбу Дәуд, Әдәб,

88; Тирмизи, Либас, 19

84

Бухари, Азан, 160; Муслим, Мәсажид, 74

85

Бухари, Әт’има, 49, Салат, 160; Муслим, Мәсажид, 73