Previous Page  39 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 88 Next Page
Page Background

39

Періштелерге иман

П

еріштелердің саны қанша?

Әңгіме төркінін осы тақырыпқа байланысты хадис-

терден бастасақ. Аллаһ тағала Жәбірейіл періштеге

былай деді: «Құлым Тайфта қатты қиналып жаралан-

са да Мені ұмытпады. Оның жолында жүргендерге

дайындалған жұмақты және қарсы болғандарға

дайындалған тозақты көру үшін оны алып кел», –

деп бұйырды. Жәбірейіл періште қырық жыл бойы

жұмақта күткен пырақты алып пайғамбарымызға келді.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Жәбірейіл періштенің

жол бастауымен пыраққа мініп көк жүзіне көтеріліп,

теңдессіз құрметке – яғни, Аллаh тағаланың құдіретіне

тікелейкуәболды.Жәбірейілперіштеменпайғамбарымыз

миғражға шыққанда, көк жүзінің бірінші қабатында

хазірет Адамды көреді және қиямда (тіке тұрған бойда)

«Сүббуһун Қуддусүн раббил мәлаикәти уәр-рух» (Аллаһ

пәк және Ұлы, Ол Жәбірейіл мен періштелердің Раббы-

сы) деп Аллаһ тағаланы ұлықтап тұрған періштелерді

көреді. Пайғамбарымыз Жәбірейілден: «Олар осылай

құлшылық жасай ма?», – деп сұрайды. Жәбірейіл (ғ.с.)

«Иә, бұл періштелер әу бастан осылай құлшылық етеді.

Аллаһ тағаладан өзіңнің үмбетіңнің де осылай құлшылық

етуін тіле», – деп жауап береді. Сөйтіп адам баласына

да періштелер сияқты қиямда құлшылық ету осылай

нәсіп болады. Сонымен қатар бірінші қабатта жаза-

сын тартып жатқан кейбір адамдарды көрді. «Мыналар

кімдер?» – деді пайғамбарымыз. Жәбірейіл: «Намазда

рүкүғ пен сәждесін толық орындамағандар, жұма на-

мазы мен жамағатпен оқылған намазға қосылмағандар,

зекет бермегендер, пақырларға жаны ашымағандар, ха-

рам жеп ішімдік ішкендер, жалған куә болғандар, зина

жасағандар, әкесіне қарсы келгендер», – дейді.