Previous Page  40 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 88 Next Page
Page Background

40

Періштелерге иман

Келесі қабаттабіртопперіштелеррүкүғдеқұлшылық

жасап тұрған еді. Жәбірейіл Мұхаммед пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

періштелерді меңзеп «Бұлар осылай

құлшылық жасайды. Аллаһ тағаладан өз үмбетіңнің

де осылай құлшылық жасауын тіле», – деді. Соңынан

адам баласына да рүкүғ жасау нәсіп болды. Үшінші

қабатта сәжде жасаған періштелер бар еді. Жәбірейіл:

«Үмбетің үшін де осылай құлшылық жасауын тілеуді

ұмытпа», – деді. Пайғамбарымыз дұға етті. Осылайша

адам баласына Аллаһқа сәжде ету де нәсіп болды. Осы

жерде пайғамбарымыз Әзірейіл періштені көреді. Ол

пайғамбарға: «Ей, әлемдердің Сардары! Саған Аллаһтың

сәлемі болсын. Шүбәсіз сенің үмбетің де сен сияқты

таңдаулылардан. Сенің құрметің үшін оларға өз әке-

шешелерінен де мейірімді болуға тырысамын», – дейді.

Пайғамбарымыз оған: «Иә, мен де соны сенен тілер едім.

Үмбетім әлсіз. Оларға жылы жүзбен көрініп, жанын

оңай алғаныңды қалар едім», – деді. Хазірет Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Жәбірейілмен Бәйтул Мамур деген

қызыл жақұттан жасалған үйге келді. Жәбірейілдің

ұсынысымен пайғамбарымыз періштелерге имам бо-

лып намаз оқыды. Пайғамбарымыз: «Менің де үмбетім

осындай жамағатпен намаз оқыса екен» деп қалаған еді.

Сөйтіп, көпшілікпен жұма намазын оқу адам баласына

нәсіп болды. Жәбірейіл періште Сидратул Мунтәһаға

(жұмақ бұлағының түбінен өсіп шыққан ағаш) келгенде

«Менің барар жерім осы жерге дейін. Ары қарай бара

алмаймын. Егер бір қадам бассам жанып күлге айналам»

деді. Пайғамбарымыз, Ұлы Аллаһ тағала белгілеген

мақамға жеткенде «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату

уа-таййбату» (Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дү­

ниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық) деп сәлем берді.

Барлық мадаққа лайық табылатын Аллаһ тағала бы-

лай жауап берді: «әс-Сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию