Previous Page  33 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 88 Next Page
Page Background

33

Періштелерге иман

сол олар өте жылдам қимылдайды. Сол себепті олар

Аллаһ тағаланың әмірін қас қағым сәтте орындайды.

70

Куртубидің «әл-Жамиу ли-әһкамил Құран»

атты тәпсірінде пайғамбарымыз миғражға шыққанда

Жәбірейілді 600 қанатпен

71

көргендігін айтса, Исра-

фил періштенің 12 000 қанатты екендігін, олардың бір

қанатының өзі көкпен жердің арасындағы кеңістікті жа-

уып тұрғандығын айтады. Әрине, бұны біз білетін қанат

деуге келмейді. Періштелердің жаратылысының өзі бұл

дүниедегі жаратылыстарға ұқсамағандықтан, олардың

қанаты да дәлме-дәл құстардікіндей, не ұшақтың

қанатындай дей алмаймыз. Періштелер адам ойы мен

қиялынан тыс тұрады. Сол себепті олардың шынайы

болмысы Ұлы Аллаһ пен оларды көрген пайғамбарларға

ғана аян.

П

еріштелер ғайыпты біле ме?

Періштелерде ғайыпты білу қасиеті жоқ. Олар тек

Аллаһ тағаланың өздеріне білдіргендерін ғана біледі.

Себебі ғайыпты білу бір Аллаһ тағалаға ғана тән.

72

Құранда:

«Көктер менжердегі ғайыптыАллаһтан

басқа ешкім білмейді»

73

;

«Ғайып кілттері Оның жанында. Ғайыпты тек

өзі ғана біледі. Ол құрлықтағы, теңіздегі барлық

нәрселерді түгелдей біледі. Одан хабарсыз жапырақ

та жерге түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы

құрғақ, ылғалды нәрселер түгелдей ап-анық Кітапта

70

М.Шаркауи, әл-Қуранул-Мәжид, Кайр, 1971, 164

71

Бухари, Тафсир, Нәжім, 1; Бәдул-халқ, 6; Муслим, Иман, 280-282;

Тирмизи, Тафсир, Нәжім, 3279

72

Қараңыз: Нахыл, 16/77

73

Нәміл, 27/65