Previous Page  20 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 88 Next Page
Page Background

20

Періштелерге иман

қарағанда әлдеқайда артық біледі. Бірақ, бір қызығы,

адамның деңгейі мен мәртебесі періштеден бір саты

сонда да одан жоғары тұрады. Неге? Өйткені жоғарыда

айтып өткеніміздей періштелердің дәрежесі тұрақты

болғандықтан не артып, не кемімейді. Сонымен қатар

оларда нәпсі болмайды. Ал адам баласына мәңгілік өз

нәпсісімен күресу тән. Нәпсісін толықтай тізгіндеген

жандардың ғибадатта періштеден де биік деңгейге жету

мүмкіндігі бар. Егер пенде Аллаһтың илаһи әмірлеріне

мойынсұнбай нәпсінің жетегінде кеткен жағдайда

дәрежесі құлдилап хайуаннан да төмен болмақ. Бұл

мәселенің мәнін Құран кәрім:

«

Расында адам баласын көркем бейнеде

жараттық. Сосын оны төмендердің ең төменіне

тастадық. Бірақ иман келтіріп, салихалы амал

жасағандар басқа. Оларға түгесілмейтін сыйлық

бар

»,

37

– деп ашады.

Адам үнемі жүріс-тұрыс, мінез-құлқын әсемдеп

жақсылыққа ұмтылуы керек. Бойындағы пасық

мінездерден арылып, жүрегіне жақсылықты ұялата

білген адамның Аллаһтың алдында жүзі жарқын бо-

лады. Ал нәпсінің құлына айналғандар екі дүниеде де

жақсылық көрмейді.

П

еріштелер басқа бейнеге ене ала ма?

Періштелер Аллаһтың құдіретімен түрлі пішінге

ене алады. Ислам әдебиеттеріндегі түрлі деректерде

пайғамбарлардың оларды шынайы және өзге де бейне-

лерде көргендіктері баян етіледі.

37

Тин, 95/4-6