15
Періштелерге иман
Демек, бұдан біз «атом» деп айдар таққан ең
кішкентай бөлшектен, «галактика» деген ең алып
жаратылысқа дейін барлық болмыстардың іс-әрекетін
үйлестіруге жауапты періштелердің бар екенін көреміз.
Оларға жаратылыстың зікірлері мен амалдарын Аллаһқа
жеткізу міндеттелген.
Хадистерде әрбір жаңбыр тамшысы мен қар
түйіршігінің өзін жер бетіне бір періштенің алып
түсетіндігі айтылады. Енді мына мәліметке көңіл бөліңіз:
жауған әрбір қар мен жаңбырдың өз өлшемі мен мөлшері
болады. Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшерді
қазіргі заманның соңғы технологиясын пайдалана оты-
рып зерттеу жүргізген ғалымдар былай дейді:
«Секундына 16 миллион тонна су жерден буланып
ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды
құрайды. Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне жа-
уатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады.
Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып
тұрады. Егер тепе-теңдікте сәл өзгеріс туа қалса, әлемде
үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің
тоқтауына әкеліп соғады. Жаңбырдағы мұндай ше-
бер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, соны-
мен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады.
Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте
болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр там-
шысысындай бір зат сондай биіктіктен құласа, жер-
ге 558 км/сағ. жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда,
жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат
бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай биіктікте болса
да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орта-
ша алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды».
27
Яғни Аллаһтың
рақымының белгісі ретінде, егер періштелер болмаса
27
Қайрат Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, Алматы, 2007, 142-143