12
Періштелерге иман
тілеп дұға ету.
«Шынында да Аллаһ пен Оның періш-
телері пайғамбарға салауат жолдайды...»
.
17
Сонымен қатар пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Мүміндер жамағатпен намаз оқығанда «Аллаһ тағала
мен періштелер намаздың алдыңғы сапында тұрғандарға
дұға етеді»
18
және
«Жамағатпен намаз оқуға жиналған
мүміндерге намаз оқығанға дейінгі арадағы тыныштық
кезінде періштелер «Раббым, бұлардың күнәларын кешіп,
мейіріміңді төге гөр!»»,
19
– деп дұға ететіндігін айтқан.
4. Пайғамбарлар мен мүміндерге рухани көмек
беру, сенбейтіндердің жүрегіне үрей салу. Құранда:
«
(Мұхаммед ғ.с.)
сол сәтте
(Бәдірде)
мүміндерге:
«
(Көктен)
үш мың періште түсіріп Раббыларыңның
сендерге жәрдем беруі жеткілікті емес пе?» дедің
,
20
–
делінген.
Бірде пайғамбарымыз сәждеге бас қойған сәтте Әбу
Жәһил оны аяғыменжаныштағысы келген еді. Бірақ бата
алмай кері шегінді. Себебін:
«Арамызда жыра бардай
ары өте алмадым»,
– деп түсіндірді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
болса:
«Егер ол маған жақындағанда
періштелер оны жоқ етер еді»,
21
– деген еді.
17
Ахзаб, 33/36. Пайғамбарымызға тек адамдар ғана емес, Аллаһ
тағаланың өзі де және Оның періштелері де салауат айтады.
Аллаһ тағаланың салауат айтуы: «рақым ету, дәрежесін көтеріп,
мерейін үстем ету, берекетке кенелту» мағыналарын білдіреді. Ал
періштелердің айтуы: «ізгі дұға және кешірім тілеу» мағынасын
білдіреді. Ал мұсылман үмбетінің пайғамбарға салауат айтуы – Аллаһ
тағаланың ерекше рақымына бөленіп, Оның
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дәрежесінің көтеріліп, мерейінің үстем етілуін тілеуі болмақ. Яғни,
үмбетінің пайғамбарына деген ізгі тілегі.
18
Әбу Дәуд, Салат, 93; Нәсай, Имамә, 25
19
Бухари, Азан, 30, Салат, 87; Муслим, Салат, 272
20
Әли Имран, 3/124-125; Мәида, 5/110; Әнфал, 8/12; Нахыл, 16/28;
Фуссилат, 41/130-132; Мужәдала, 58/22
21
Муслим, Мунафиқун, 38; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 2/370