10
Періштелерге иман
Дей тұрғанмен, періштелердің жаратылу мақсұтын
ислам ғалымдары төмендегіше беске бөліп қарайды:
1. Аллаһтың құдіреттілігін көрсетуі үшін.
Аллаһ тағала жақсылықты (яғни періште
сияқтыларды) жаратқандай, жамандықты да (шайтан
сияқтыларды) жарата алады. Сонымен қатар жақсылық
пен жамандықты жасауға бейім (адам сияқты) болмысты
да жаратуға құдіретті.
2. Адам баласы Аллаһқа ғана бағыну керектігін
білуі үшін.
3. Пенделердің құлшылығына Жаратушының мұқ-
таж емес екенін білдіру үшін.
4. Жер бетіндегі сүйікті құлдар мен өзге болмыстар-
ды қорғау үшін.
5. Адамдарға Аллаһ тағаланың құдіреті мен
ұлылығын білдіру үшін.
11
Періштелердің жаратылысы, санының өте көптігі
мен қызметтерінің әрқилылығы шындап келгенде Ұлы
Жаратушының аса құдіреттілігін паш етеді.
П
еріштелердің міндеті
Періштелердің әуелгі міндеті – құлшылық. Жа-
ратушыны ұлықтап, мінсіздігін дәріптеу, өздеріне
міндеттелген істерді қадағалау. Періштелердің құл-
шылықтағы кейіптері әр түрлі. Кейбірі мәңгі-бақи
Аллаһтың алдында намазда тұрғандай тік тұрып
құлшылық жасайды. Кейбірі иіліп рүкүғқа барған күйде
құлшылық атқарады. Кейбірі сәждеге жығылған күйде
ғұмыр бойы басын көтермейді.
12
Құранда:
11
Сайд Хаууа, Ислам Ақайды, ауд:М.А.Варол; О.Актепе; А.А.Унал;
Х.А.Өздемир, Стамбул, 1996, ІІ/355
12
Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1/38