Previous Page  9 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 88 Next Page
Page Background

9

Періштелерге иман

ешқайсысын қолға ұстатып, көзге көрсету мүмкін емес.

Демек, көзге көріне бермейтін тіршілік иелерінің бар

екендігі күмәнсіз. Олай болса, періште мен жындарды да

көзге көрінбейді екен деп, олардың бар екендігін жоққа

шығара алмаймыз.

П

еріштелердің жаратылу мақсаты

Аллаһ тағаланың қай ісінен де асқан даналық пен

шексіз шеберлікті байқайсыз. Оның жасағанынан

ешқандай кемістік, үйлесімсіздік, оғаштық пен ақау

көру мүмкін емес. Ол – бүкіл кемшілік атаулыдан

пәк. Ол «бол» деу арқылы әп сәтте қалаған нәрселерін

жарату құдіретіне ие. Аллаһ тағаланың жаратқан

нәрселерін сынауға ешкімнің құқы жоқ. Сол сияқты

періштелердің жаратылуында көптеген себептер бар.

Біз ол себептердің кейбірінен хабардар болғанымызбен

көпшілігін біле бермейміз. Құран кәрімде періштелердің

жаратылу мақсаты туралы: «

Раббың періштелерге:

Мен жер бетінде бір орынбасар жаратамын» де-

ген кезде «онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу

жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтауда

және пәктеудеміз» дейді...

»,

9

– деп, періштелердің үнемі

Аллаһты дәріптеп, пәктейтіндіктері айтылған.

Ұлы Жаратушының шексіз ілімінің қасында адам

баласының білгені түкке тұрғысыз екені даусыз.

Осы орайда Қызыр (әлейһис-сәлам) бірде Мұса

пайғамбарға: «Уа, Мұса! Біздің білгеніміз бен Ұлы

Жаратушының ілімі – анау құстың тұмсығындағы су

мен мұхит сияқты»,

10

– деп теңіз жағалауында тұмсығын

суға батырып тұрған құсты көрсеткені бар.

9

Бақара, 2/30

10

Бухари, Ілім, 44; Муслим, Фәдаилус-Сахаба, 180; Ахмад ибн Ханбал,

Мүснәд, ІІ/311, V/118; Қосымша қараңыз: Ибн Кәсир, Тафсирул

Қуран, V/172-185