8
Періштелерге иман
қабілеті өте шектеулі. Сондықтан көрмеген нәрсесіне
адам «жоқ» дей алмайды. Өйткені көзге көрінбейтін бол-
мыстар саны өте көп. Мысалы, электр тогын іске қоссақ,
алып сарайға жарық беретін лампалардың барлығын
жұмыс істетеді. Біз сонда ғана кішкене бір тетіктің зор
күшін сезінеміз. Бірақ, оның күшін осы уақытқа дейін
ешкім көрген де жоқ, көрмедік екен деп жоққа шығарған
да жоқ.
Бұған қоса, тартылыс пен тебіліс заңдылығының
арқасында ғаламдағы тепе-теңдік, тәртіп жалғасып келе
жатқандығын да білеміз. Біз бұл заңдылықтарды да көзге
көрінбейді екен деп жоққа шығара алмаймыз.
Сонымен қатар қазіргі таңдағы ғылыми жетістіктер
де көзге көрінбейтін өте ұсақ заттардың бар екендігін
дәлелдеуде.
Мәселен, биологиялық анаэробты бактериялар –
оттегісіз тіршілік ете алатын организмге жатады.
1993
жылы мұхит түбіндегі жер асты қайнар суларда өте
жоғары (шамамен +400С˚) ыстық дәрежеде әрі онда улы
газдар бола тұра 300-ден аса микроорганизмдердің өмір
сүргендігі дәлелденген. Биолог ғалым Верена Таниклайф
бұны ХХ ғасыр биологиясының ең айтулы жаңалығына
балай отырып, онда өзге де биологиялық құбылыстардың
болуы әбден мүмкін деген тұжырымға тоқталады.
8
Бұлар ғылыми дәлелдемелер, ал бұлардан тыс
күнделікті өмірімізде көзбен көріп, қолмен ұстау ақылға
сыймайтын, қисынға келмейтін басқа да нәрселер өте көп
екені белгілі. Біз олардың бар екеніне күмәнсіз сенеміз.
Мысалы, адам өз денесінде жан бар екеніне сенеді,
бірақ оны көзбен көре алмайды. Ақылының бар екенін
де қолға ұстатып, көзге көрсетіп дәлелдей алмайды.
Бұдан бөлек, иісті, дәмді, дыбысты алсаңыз да бұлардың
8
American Scientist, 1995