Previous Page  6 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 88 Next Page
Page Background

6

Періштелерге иман

қасиетті кітаптарын да түсірген. Аллаһ тағалаға мың да

бір шүкір делік! Қасиетті кітаптарда Жаратушының бар

және бір екендігіне бүкіл жандүниемізбен сену керектігі,

бұған қоса рухани әлемге тән періштелерге де илану

қажеттілігі ап-анық баян етілген.

Періштелерге сену – иманның негізгі шарттарының

бірі. Бұл шындық Құранның мына аяттарында айқын

аңғарылады:

«Аллаһ елшісі Раббы тарапынан өзіне

түсірілгендерге иман етті және мүміндер де

(иман

етті)

. Барлығы Аллаһқа, періштелеріне, кітаптары-

на және пайғамбарларына иман етті...».

3

«Кім Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге,

кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе... міне

солар шыншылдар, әрі солар тақуалар»

4

;

«Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне,

сондай-ақ Жәбірейіл, Микаилге (ғ.с.) дұшпан болса,

әлбетте Аллаһ тағала кәпірлерге дұшпан».

5

Періштелердің бар екеніне иланбау – Аллаһ

тағаланың жер бетіне жіберген пайғамбарларымен

3

Бақара, 2/285

4

Бақара, 2/177

5

Бақара, 2/98