Previous Page  7 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 88 Next Page
Page Background

7

Періштелерге иман

қатар қасиетті кітаптарын да жоққа шығарғанмен ба-

рабар. Өйткені, Ұлы Жаратушының күллі ақиқаты

пайғамбарларға періштелер арқылы жеткен.

Құран кәрімде де бұл мәселеге байланысты:

«...

Кімде-кім Аллаһқа және Оның періштелеріне,

кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне

иман етпесе, қатты адасады..

.

»,

6

– делінген.

Бұған қоса періштелердің бар екендігін растай-

тын көптеген хадистер де бар. Яғни жоғарыда айтып

өткеніміздей періштелердің шын мәнінде бар екендігі

Құран мен сүннетте нақты келтірілген. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Мен сіздердің көрмегендеріңізді

көремін, естімегендеріңізді естимін. Көк жүзінде төрт

саусақ сыятындай бос жер жоқ. Барлық жерде Аллаһқа

сәжде ететін періштелер бар...»,

7

– деп, періштелердің

бар екендігін әрі олардың сандық тұрғыдан да есепсіз

көптігін баян етуде.

Демек аят пен хадистер – көзбен көріп қолмен

ұстауға келмейтін осындай жаратылыстардың бар

екенінен хабар беруде.

Мұнымен қоса періштелердің бар екендігі жайлы

олармен жүздесіп, сөйлескен жүз жиырма төрт мың

пайғамбар мен сан мыңдаған әулиелер, ғұмырында

жалған айтып көрмеген саны белгісіз қаншама игі

жақсылардан білеміз. Себебі, әр қайсысы әр дәуірде

өмір сүрген бұл адамдардың барлығы ұйымдасқан түрде

жалған айтуы әсте мүмкін емес.

Күнделікті өмірде періштелерді көзге көрінбейді

екен деп жоққа шығару пенденің тәкаппарлығы мен

қырсықтығынан, немесе немқұрайлығынан болса керек.

Бүкіл болмыспен салыстырғанда адам баласының көру

6

Ниса, 4/136

7

Тирмизи, Зухд, 9; Ибн Мәжа, Зухд, 19