Previous Page  11 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 88 Next Page
Page Background

11

Періштелерге иман

«Сап-сап тұрушы

(періштелерге)

серт»,

13

– делін-

ген. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахабаларына

Аллаһ тағаланың құзырында періштелер тәрізді сапқа

тізіліп құлшылық жасау керектігін айтқан. Таңырқаған

сахабалардың бірі: «Олар қалай сапқа тізіледі?», – деп

сұрағанда, пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Олар әуелгі сапты толтырып араларын тығыз

ұстайды»,

14

– деп жауап берген. Басқа да хадистерде

айтылғандай олардың кейбірі тек қана «Лә иләһа илла

Аллаһ» (Аллаһтан басқа құдай жоқ) деп зікір етіп тұрса,

кейбірі «Аллаһу әкбар», ал енді біреулері «Субханаллаһ»,

«Әлхамдулиллаһты» қайталап құлшылық жасаумен бо-

лады.

Құран аяттары мен хадис-шәріпке сүйеніп

періштелерге жүктелген міндеттерді төмендегіше

көрсетуге болады:

1. Аллаһ тағаланы бүкіл кемшіліктерден пәктеу,

күндіз-түні шүкір айтып ұлықтау.

Құранда: «

...Періштелер:

«

Алайда біз Сені дәріп-

теп, мақтау мен пәктеудеміз

»

, – деді

»

15

– делінген.

2. Аллаһ тағаланың елшілеріне уахи ету. «

Аллаһ

тағала періштелерден елшілер таңдағандай адамдар-

дан да елшілер таңдайды

»

.

16

3. Пайғамбарларға салауат жаудырып, сәлеммен

ұлықтау, осы дүниедегі күллі адамдардың жақсылығын

13

Саффат, 37/1

14

Муслим, Салат, 119; Әбу Дәуд, Салат, 94; Нәсаи, Имамә, 28

15

Бақара, 2/30; Қараңыз: Ағраф, 7/206; Әнбия, 21/19, 27; Шура, 42/5;

Тахрим, 66/6

16

Хаж, 22/75; Қараңыз: Ниса, 4/163; Шура, 26/193-194