Previous Page  13 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 88 Next Page
Page Background

13

Періштелерге иман

5. Адамдарды қорғаушы әрі қызмет етуші.

Құранда:

«Аллаһтың әмірімен әркімнің алды-

артынан өкшелеп, қорғаушы және әрбір іс-әрекетін

жазушы

(періштелер)

бар»

,

22

– делінген. Аллаһ тағала

адам баласын тікелей және періштелері арқылы да

қорғай алады.

6. Адамдардың амалдарын жазу. Құранда: «

Ра-

сында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не

сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз оған күре та-

мырынан да жақынбыз. Оның оңына да, солына да

екі

(сөздері мен амалдарын)

байқаушы отырады»,

23

–

дейді.

Бұл аятта адамды жаратқан Аллаһтың пендесіне өз

күре тамырынан да жақын әрі періштелер адамның әрбір

әрекетін жазу үстінде екендігі баян етілген. Әлбетте,

олай болса Аллаһ – барлық нәрседен хабардар.

Періштелермен адамдардың арасындағы қарым-

қатынас ана жатырында-ақ басталады. Бухари мен

Муслимдегі мына хадис осы мәселені айшықтай түсуде:

«Аллаһ тағала бір періштесін жатырға тағайын-

дайды. Ол жатырға ұрық түскеннен бастап әр жетілу

сатысын білдіріп «Раббым, сәби «нұтфа (шәует)

кезеңінде», «Раббым, сәби «алақа» (жабысқақ ұрық­

танған клетка) кезінде, я болмаса «мұдға» (бір тістем

ет пішініндегі кезі) кезеңіне келді»

деп хабар беріп оты-

рады.

Хақ тағала ол сәбидің дүниеге келуін қаласа, періште

«Раббым, бұл ұл бола ма, қыз бола ма?Жұмақтық па, әлде

Тозақтық па? Несібесі қаншалық? Ажалы қашан?» деп

22

Рағыд, 13/11

23

Қаф, 50/16-17