19
Періштелерге иман
шектеулі. Оның көре алмаған нәрселерін жоққа шығара
алмаймыз деген сөз.
Періштелер – пәк жаратылыстар, оларда күнә ата-
улы, тәкаппарлық, реніш тәрізді пенделік қылықтар
болмайды. Бар міндеттері – Аллаһтың әмірлерін
мүлтіксіз орындау. Олар әуел баста, қандай мақсатпен
жаратылған болса, тек соны ғана атқарады. Яғни олар,
басқа жаратылыстар тәрізді Аллаһқа құлшылық етіп,
Оның әмірін орындайды және ешқандай астамшылық
әрекеттерге бармайды. Бұл жайлы
Құранда: «...
Олар
Аллаһтың бұйырған нәрселеріне қарсы шықпайды
және не бұйырылса соны қалтқысыз орындайды
»,
33
– делінген. Бұл – періштелерге тән ұлық қасиет.
Періштелердің рухани дәрежесі де тұрақты. Олар
ғибадат
барысында рухани ләззат алатын Аллаһтың
таңғажайып жаратылысы. Бұл ақиқат Құранда:
«...
Оның жанындағылар (
періштелер
) Ұлы Жа-
ратушыларына ғибадат жасаудан паңданбайды және
шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-
түні Аллаһты пәктейді
»,
34
– деп баяндалады.
Кейбір періштелер жердегі көркем сөздер мен амал-
дарды Аллаһ тағалаға жеткізіп отырады.
35
Періштелерге аспан мен жердің арасын көзді ашып-
жұмғанша аралап шығу ешбір қиындық туғызбайды.
Құранда Аллаһтың құзырына (Аршына) періштелер мен
рухтардың бір-ақ күнде (ол біздің жыл санауымызбен
елу мың жылдық қашықтық) шығатындығы айтылады.
36
Бұнымен қоса Аллаһтың ұлылығы мен тылсым
сырларын, басқа да сипаттарын періштелер адамдарға
33
Тахрим, 66/6
34
Әнбия, 21/19-20
35
Қараңыз: Фатыр, 35/10
36
Қараңыз: Мағариж, 70/4