16
Періштелерге иман
жауған жаңбырдың әрбір тамшысы батпандай тас болып
түсер еді.
Періштелер міндеттерін орындау арқылы өздеріне
тән ғибадаттарын жасап, Ұлы Жаратушының рақымына
бөленеді.
8. Адам баласының жаратылысы және өліміне
қатысты міндеттерді орындау. Аллаһ тағала: «
Сендерге
уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Со-
сын Раббыларыңа қайтасыңдар де
»,
28
– дейді.
9. Иләһи жазаларды іске асыру міндетін орын-
дау. Аятта бұл жайлы: «
Періштелер сондай қарсы
болғандардың
беттеріне,
арқаларына
ұрып:
«
күйдіретін азапты татыңдар!
»
, – деп жандарын
алғанын көресің
»
,
29
– делінген.
Періштелердің арасында ел ішін аралап, адамдарды
сынайтындары да болады. Мына бір хадис соны баян-
дайды.
Ертеде бірі алапес, екіншісі таз, үшіншісі зағип үш
дос болған екен. Аллаһ тағала үшеуін сынау үшін оларға
адам бейнесінде бір періште жібереді. Періште алапе-
ске келіп «ең жақсы көретін нәрсең не?» – деп сұрайды.
Сонда алапес «әрине, денім сау, көрікті болсам екен»
дейді. Сол мезет оны періште қолымен бір сипап ажар-
лы адамға айналдырады. Періште одан: «Қай малды
жақсы көресің?» –деп сұрайды. Алапес түйені атай-
ды. Алдынан дереу он түйе пайда болады. Періште:
«Бұларды Аллаһ саған ұзағынан сүйіндірсін», – деп әрі
қарай жол тартып тазға жолығады. Оған да алапеске
қойған сұрақтарын қайталайды. Таздың жауабы бе-
сенеден белгілі... Періште оның басынан сипаған сәтте
28
Сәжде, 32/11
29
Әнфал, 8/50; Қараңыз: Бақара, 2/210; Фурқан, 25/21-26; Мұхаммед,
47/27; Хыжыр, 15/7-8