18
Періштелерге иман
болмыс – Ұлы Жаратушының баға жетпес өнер туынды-
сы. Аллаһтың рақымдылығын бір сөзбен айтып жеткізу
мүмкін емес. Құран бұл ақиқатты: «
Қайда қарасаң
да Аллаһтың жүзі
(рақымдылығы, қайрымдылығы,
құдіреті)
сонда
»
,
31
– деп түсіндіреді.
П
еріштелердің ерекшеліктері
Періштелер неге көзге көрінбейді, олардың бол-
мысы қандай? Бұл жайында Құран мен хадистерде не
айтылған?
Бір хадисте былай делінген:
«Періштелер нұрдан, жындар түтінсіз оттан, ал
адамдар болса Құрандағы сендерге айтылған нәрседен
(балшықтан) жаратылған».
32
Демек, періштелер нұрдан жаратылғандықтан
көзге көрінбейді. Сонымен қатар адам баласының көру
мүмкіндігінің шектеулі екендігі де белгілі. Тіпті біз өз
болмысымызды да, рентген секілді түрлі сәуелерді де
жалаң көзімізбен толықтай көре алмаймыз. Сондықтан
періштелердің жаратылысын, олардың көзге көрінбеу
ерекшелігін өзіміздің шектеулі мүмкіндіктерімізбен
бағамдап олардың бар екендігіне күмән келтірудің аса
орынсыз екені хақ.
Көз көп нәрсені көре алмағанмен кейбір нәрселердің
шүбәсіз бар екеніне сенетін қаншама нәрсе бар. Мәселен
адамның ақыл-ойы, рухы т.б. Демек көздің көру аясы
31
Бақара, 2/115
32
Муслим, Зухд, 60; Мүснәд, 6/153, 168