Previous Page  3 / 88 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 88 Next Page
Page Background

3

С

өз басы

Әуелден күллі мадақ – бастауы мен соңы жоқ Ұлы

жаратушы Аллаһ тағалаға ғана тән! Ал Хақтың сүйген

һәм бүтін жаратылысына сүйдірілген құлы хазірет

Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сансыз салауатқа лайық!

Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні қоғамдағы ең өзекті

мәселенің бірі – рухани азғындық. Бұл тән саулығын

ғана күйттеп, жан саулығына жүрдім-бардым қараудың

салдарынан туындап отыр. Ал жанның саулығы – иман-

нан екені белгілі. Ал иман – исламның алты негізіне

(Аллаһ тағаланың бар екендігі, періштелер, қасиетті

кітаптар, пайғамбарлар, ақырет күні және тағдырға

деген сенім)

толықтай, зәредей күмәнсіз сенімнен тұрады.

Қолдарыңыздағы еңбектің мазмұны періштелерге иман

етудің қыр-сыры жайында болмақ. Адам баласының

қай кезде де тылсым жаратылыстар жайлы білуге жаны

құмар.

Періште дегеніміз не? Ол нендей жаратылыс? Қалай

жаратылған? Тіршіліктегі міндеті қандай? Саны қанша?

Ерекшеліктері қандай? Неше түрге бөлінеді? Міне, осы

секілді сан түрлі көкейдегі сұрақтарға жауап ала оты-

рып, періштелердің бар екеніне шын көңілмен илану –

иманның бүтіндігін құрайды.

Иә, Аллаһ тағала ғаламдағы әрбір істі атқаруға

арнайы періште жаратқан. Бұл Жасағанның шексіз

құдіреттілігі мен ұлылығын ұқтырса керек. Мәселен,

атомның айналасындағы әрбір электрондардың айналуы-

на, жаңбырдың әрбір тамшысына, жел соқтыру, найзағай

ойнату секілді табиғаттың әрбір құбылыстарына,

ғаламшарлардың қозғалысына жауапты қаншама